"Қазақ қазақпен  қазақша сөйлессін". Н.Ә.Назарбаев

 

"Қазақ болғың келсе - "Қобланды жырын" жатқа біл!"

Зеріп Айтжанова

Бастамашыл топқа, жобаның авторына мың алғыс. Дәл осы әдіс маған жақсы таныс.

Әкеміз мен анамыз бізді орыс тілді мектепте оқытқанмен, үйде, түзде тек қазақ тілінде сөйлеуімізді, ойлауымызды қатты қадағалады. Кешке жұмыстан шаршап келгеніне қарамастан, ақ папам мамамның құйған шайын ішіп отырып, әріп танитын балдарына жуан кітаптарды ашқызып, дауыстап жыр-дастандарды оқытқызатын.

«Алпамыс батыр», «Қобланды батыр», «Едіге батыр», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Рүстем дастан» т. б. әдемі суреттермен көмкерілген, қалың мұқабаның астында жылтыр ақ қағазға басылған қазіргі сөздіктер мен энциклопедия сияқты салмақты, қомақты болатын.

Менің бауырларым мен сіңлілерім әлі біледі кейбір шумақтарын. Едіге батырдың жеңгесіне айтқан сөздері, Құртқаның ақылы, мыстан кемпірдің сақауланып кекештенгені әсерлі, естен кетпес бейне болып санамызға сіңген.

«Деді дағы Едіге, кетіп қалды еліне. Жылап қалды жеңгесі Едіге ердің сөзіне», «Едіге деген ер еді, елдің қамын жер еді, ел шетіне жау келсе, мен барайын дер еді; ел ішінде дау болса, мен шешейін дер еді», қарындасы Қарлығаштың Қобландыға айтқан арнауы:

«Қозыдай Қоблан, егізім,
Бірге туып, бірге өскен
Кіндігімді бір кескен...
Қысылған жерде түптесім,
Тоқсанда атаң Тоқтар шал -
Жан көке, кімге тапсырдың?
Алпыста анаң Аналық -
Ақ көке, кімге тапсырдың?» -

бала түгіл ересектердің жанын шымырлататыны сөзсіз.

Ұсыныс жасайын: мектеп, лицейлерде факультатив ретінде болсын, арнайы курс болсын, аталмыш жобаны еңгізу керек осы оқу жылынан бастап.

Балабақшалардың оқу бағдарламасына жасына сәйкес ертегілер, жырларды (үзінділер) жатқа айтқызу. «Я маленькая девочка. Играю и пою. Я Ленина не знаю, но я его люблю», - сияқты тақпақтарды кішкентайларға айтқызып, ата-аналары мәз болған кездер есімізде.

Жастар сүйіктілеріне сезімін білдіру үшін, ажарын, сымбатын суреттеу үшін сөз таба алмай қиналады кейде. Нағыз эротика, шынайы сезім үлгілерін қазақтың ауыз әдебиетінен, жыр-дастандардан таба алады. Тек оқу керек, дауыстап оқу керек. Ритмикасы, сөздің қуатты күші – энергетиктерден мың есе асып түседі!

Городская среда

Новые публикации на сайте

Сайт Зиры Наурзбаевой Отукен

Институт языкознания

Статистика посещений

1878245
Сегодня
Вся статистика
213
1878245

Счетчик joomla
| Joomla