"Қазақ қазақпен  қазақша сөйлессін". Н.Ә.Назарбаев

 

Қазақша сөйлейтін бала жоқ!!!

Айгүл Болатханқызы

"Балам қазақша қатырып сөйлейді", "қазақ мектебінде оқиды" деп құр бекерге мақтанып жүрміз. Әсіресе, қалалықтар! Жақында бір шараның ұйымдастырылуына қатыстым. Салтанатты шараның екінші бөлімі театрландырылған көрініс, соңы балалардың шоуымен аяқталуы керек болды. Ән салып әрі билейтін әртүрлі жастағы балалардың мектеп жайлы шырқаған әндерінің сөздерін әуеліде түсінбедім... "Шакырады" (мектеп), "сынгырлайды" (қоңырауға қатысты)... "Осы әнді жазғызғанда қазақтың баласын шақыруға болады ғой", - деп бұрқылдадым((((... "Қалай? Әнді айтқан өз қазағың! Орыс балаларын мүлде жолатпадық" дегенді естігенде-е-е... Аузыма құм құйылды. Шыным! Үнім шықпады. "Қ", "ғ", "ө", "ң", "ү", "ұ", "ә", "і" әріптерін ауыз толтырып анық айтатын бала жоқ екеніне (үндемей ғана келіскендеріңіз жөн шығар) көзім әлдеқашан жеткен. "ң"-ды айта алмайтын сақау жүргізушы, сақау тілші әлдеқашан эфирді жаулап алған. Тамыр-таныстың (тап солай немесе сүзгіден өткізетін есі дұрыс маман жоқ) ағылшын акцентімен ыңырситын бала-шағасын эфирден көргенімізге мәзбіз бе, әлде шынымен ештеңенің байыбын түсінгіміз келмей ме, ол жағында шаруам жоқ. Бірақ қазақ баласының тілінен айырылып бара жатқаны рас... 

Городская среда

Новые публикации на сайте

Сайт Зиры Наурзбаевой Отукен

Институт языкознания

Статистика посещений

1871929
Сегодня
Вся статистика
1111
1871929

Счетчик joomla
| Joomla