"Қазақ қазақпен  қазақша сөйлессін". Н.Ә.Назарбаев

 

Жарамазан ба, жарапазан ба?..

Бүгінгі таңда тіл саласындағы интерференция (тілді дамытуға ниеттенген жекедара бастамалар мен белсенімдер көрінісі)  мен тілдік үдерістің қарқынды түрде үдеуі мен ілгерілеуі, онсыз да лингвистикалық ауыр ахуалға тап болған қазақ тіліне қатысты қыруар мәселелерді туындатуда. Аталған жайттарды негізге ала отырып, "Мемлекеттік тілдегі жарнамалық копирайттар сапасын жақсарту жөніндегі Қоғамдық алқа" осы сайт бетінде білікті тіл мамандарының, сарапшылардың көзқарастары мен пайымдарын, мақалаларын жариялауды жөн көреді. Қоғамдық Алқа күзге қарай мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты Дөңгелек үстел шарасын өткізуді жоспарлап отыр.

 

СЕРІК ЕРҒАЛИ

ЖАРАМАЗАН БА, ЖАРАПАЗАН БА?..

ЕРСерк

Бар мәселе мынада ғой: бүгінгі қазақ тілі екі-үш жарылып барады, біреуінде - оның конституциясы саналатын Үндесім заңы сақталған, ал екіншісінде сыртқы-ішкі факторлардың әсерінен сақталмаған. Осыдан келіп бір сөз 2-3 түрлі нұсқаға жарылуда. Соңғысы өңкей қазақ тұратын ортада болуы мүмкін, бірақ ол сөз нағыз қазақы деген сөз емес. 

Мәселен, ШАЙ сөзі бүгінде ШӘЙ болуда. Шынтуайтына келгенде бұл қытайдың сөзі емес, ежелгі ғұндардың асқазанды шайу әдетінен алынған сөз болуы керек. Көшермендер шайды сусын көрмеген, оған бүгінгідей сүт қосып ішкені екіталай, оны тек қана асқазан тазарту үшін қолданған деген жорамал бар.

Сонымен А дыбысы азайып бара жатыр... бұл да үндесім заңының тапшылыққа ұшырау көрінісі. Егер де орфографиялық және орфоэпиялық саланы қолға алмасақ, лексикалық қор адам танымастай болғалы тұр. Жарамазан да- қазақы дыбыстаудың салдары емес... Қазақы нұсқа - ЖАРАПАЗАН. Сол секілді түрікмен емес - түрікпен болатын...қазақ тілінің Үндесім заңы Мохаммадты Махамбет етті!.. осылай соңғы 20-25 жылда бірнеше мың сөздің айтымы мен жазымы түрленіп кетті. Осылайша бұл сұрақтар күн сайын балалай беретін болады. Ол үшін лексиканы қолға алатын Тілбілім саласы бой көрсетуі керек-ау шамасы. 

Городская среда

Новые публикации на сайте

Сайт Зиры Наурзбаевой Отукен

Институт языкознания

Статистика посещений

1871922
Сегодня
Вся статистика
1104
1871922

Счетчик joomla
| Joomla