"Қазақ қазақпен  қазақша сөйлессін". Н.Ә.Назарбаев

Спонсор рубрики "Городская среда". Апрель 2014 года

 

ҚР Премьер-министіріне Ашық хат

Қазақстан Республикасысының Премьер-Министрі

Мәсімов Кәрім Қажымқанұлына 

Мемлекеттік тілдегі жарнамалық копирайттардың

сапасын арттыру жөніндегі Қоғамдық кеңестен

 

Ашық хат

 

«Мемлекеттік тілдегі жарнамалық копирайттардың сапасын арттыру жөніндегі Қоғамдық кеңес» ҚР қазақ тілінің лингвистикалық талаптарына сай келмейтін Алматы қаласындағы визуалды ақпарат құралдарын қалыпқа келтіру мақсатымен құрылған болатын. 

Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында тұратын қазақ тілінің білікті мамандары (оның ішінде, еліміздің жетекші лингвистикалық орталығы саналатын ҚР БҒМ А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі иснтитутының қызметкерлері) Кеңестің құрамына қабылданды.

Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасы басшылығымен жасалған келісімдер нәтижесінде 2015 жылдың 6 мамырынан бастап Қоғамдық кеңес қала аумағында орналастыруға рұқсат беру үшін осы Басқарманың талқылауына келіп түскен жарнамалық билбордтар, көрсеткіштер мен сілтемелердің мәтіндеріндегі қателерді түзетуге ақысыз негізде кеңес беру қызметін көрсетіп келді.

Қоғамдық кеңестің 8 отырысының барысында визуалдық ақпаратта пайдаланылған 70-тен астам сөздер, сөз тіркестері мен ұрандардың үлгілері қаралды. Қаланың әріден келе жатқан мәселелерінің бірі болып келген мемлекеттік тілдегі ашық таралатын жарнамалық ақпараттың сауатсыздығын жоюға деген үміттің ұшқынын тұтатқандықтан болар, Қоғамдық кеңес жұмысы жұртшылық арасында зор қолдауға ие болды.

(Жоба жайлы барлық ақпаратпен kieli7su.kz сайтында таныса аласыздар).

2015 жылдың 22 маусымында «Тіл» ҚМК директоры Б.К. Тұрлымбеков Алматы қаласының әкімдігі Қоғамдық кеңеспен әрі қарай ынтымақтасуға мүдделі еместігін хабарлады.

Алматы қаласында соңғы аптада орналастырылған жарнамалық билбордтардың мазмұнына қарай отырып, қазақ тіліндегі мәтіндердің грамматикалық және стильдік қателерінің көптігі жайлы тағы да өкінішпен айтуға мәжбүрміз.

Бұл жайт ҚР тілдерді қорғау туралы заңының талаптарын сақтамаудың айқын дәлелі.

ҚР тілдерді қорғау туралы заңының талаптарының сақталуына жауапты жоғары деңгейдегі мемлекеттік шенеунік ретінде Сізді осы жағдайға назар аударуды сұраймыз.

Қоғамдық кеңес қызметінің нәтижелі үлгісін қарауға, қолдауға, оның әрі қарайғы жұмысын жандандыруға, сондай-ақ, осы оң тәжірибені Қазақстанның өзге де өңірлеріне таратуға ықпал етуге шақырамыз.

Қоғамдық кеңестің құрылуы мен тиімді жұмысының нәтижесінде «Қазақ тілінің құндылығы» деген терең түсінікті құр сөз деп қабылдамайтын Қазақстан азаматтарының отаншылдық рухы мен азаматтық позициялары айқын көрінді.

30 маусым 2015 жыл

Мерүерт Байғара, Серік Ерғали, Земфира Ержан, Толеухан Жайдары, Зәуре Зақан, Сымбат Қойлыбаева, Айдын Окаұлы, Бердалы Оспан, Болат Райыс, Роза Сапанова, Атейпа Тубажанова, Ерлан Тынбаев

Городская среда

Новые публикации на сайте

Сайт Зиры Наурзбаевой Отукен

Институт языкознания

Статистика посещений

761793
Сегодня
Вся статистика
95
761793

Счетчик joomla
| Joomla