Мәдениеттанушылардың назарына
Автор Земфира ЕржанҚазақ фольклоры туралы материалдар жариялаған отандық сайттарға шолу
Мәдениеттанушы, филолог немесе этнограф мамандарын даярлау аясында қазақ фольклорына арналған оқу курстары алуан түрлі дереккөздерді пайдаланады. Оның ішінде – ғылыми зерттеулер, көптеген өлкетану-этнографиялық басылымдар, фольклорлық шығармалар антологиялары, бейнематериалдар, сондай-ақ арнайы сайттардағы материалдар мен аудио материалдар.
Бұл дереккөздердің қолжетімділігіне келетін болсақ, олардың аз ғана бөлігі цифрландырылып, желідеорын алған. Мысалы, 20 ғасырда жарық көрген көптеген қазақ фольклорының антологиялары тек кітапханаларда ғана бар.
Ұсынып отырған мақалада қазақ фольклоры бойынша курстарды дайындауға айтарлықтай көмек көрсете алатын қазақстандық сайттарға шолу жасаймыз.
«ҚазҰУ хабаршысы. Саясаттану, философия және мәдениеттану сериясы» https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/about , сонымен қатар «ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы» https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL журналдар фольклор зерттеулнріне арналған отандық жетекші ғалымдардың соңғы ғылыми мақалаларын қамтиды.
Фольклортанушы ғалымдардың ғылыми ізденістерін жарыққы шығаратын интернет сайттардың ішінде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сайтын атап өту керек. 2005 жылдан бері институтта материалдары көпшілікке қолжетімді «Керуен» ғылыми журналы шығарылады. https://keruenjournal.kz/index.php/main/issue/view/11 Журналдың екі негізгі айдары бар – «Әдебиеттану» және «Мәдениеттану».
«Әдебиет порталы» https://adebiportal.kz/kz және «Kitap» https://kitap.kz сайттары да фольклортану бағытында көптеген материалдар ұсына алады. Екі сайтта да аудио және бейне материалдар орналастырылған «Мультимедиа» бөлімі бар. Мәселен, мұнда дәстүрлі музыканттардың өнерін тамашалап тыңдауға мүмкіндік бар.
https://kitap.kz/music/1/erkin-shukimanovtyng-oryndauyndagy-nder
Мәдениеттанушы Зира Наурзбаеваның сайты қазіргі қазақ мифологиялық мектебін дәріптейді. Зира Наурзбаеваның өз зерттеулерімен қатар Серікбол Қондыбай, Таласбек Әсемқұловтың зерттеулеріне арналған кең тараулар бар. http://otuken.kz/
«Тіл әлемі» сайтының «Кітапхана» бөлімінде https://tilalemi.kz/tartu сайтында қазақтың филолог, әдебиеттанушы және фольклортанушы ғалымдарының еңбектері орын алған.
Фольклортануға қатысты оқу курстарын дайындайтын педагогтар соңғы фольклорлық зерттеулерден хабардар болуы абзал. Ұсынылып отырған тізім олардың жұмысына пайдасын тигізеді деген үмітіміз бар.
Городская средаКазахский язык в городской среде | Новые публикации на сайте |