Қазақстандағы дінтану зерттеулер
АЛТЫНАЙ КОНУРОВА
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы Қазақстандағы дінтану саласында мамандар даярлайтын жетекші оқу орындарының бірі болып табылады. Оның тарихы өткен ғасырдың ортасында басталады. Кеңес дәуірінде дінтану білімі "атеизм үшін күресу жолында" танымал болатын. Демек, салыстырмалы түрде, дінтануды жас мамандықтардың біріне жатқызуға болады.
Дінтану дегеніміз не? Біріншіден, діни және дінтану білімін ажырату керек. Жалпы алғанда, діни білім теологиялық ұғымға ең жақын болып табылады. Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде дінтану пәнін оқу зайырлы сипатқа ие.
Бүгінгі кезде дінтану-бұл діни ілімдер мен институционалдық формалардың тарихын, діни мәдени мұраны, дінге қатысты дәстүрлі құқықты, дін тарихының археологиялық ескерткіштерін, әртүрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы қатынастардың тарихы мен қазіргі жағдайын зерттейтін ғылымдар жиынтығы болып табылады.
Мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "дінтану"мамандығының докторантымын. Қазіргі уақытта мен "Қазақстандағы Христиандық және оның қазіргі әлемдегі миссиясы" тақырыбында ғылыми зерттеулермен айналысамын. Менің зерттеуімнің мақсаты - аймақтағы шіркеулердің құрылу тарихы туралы материал жинап, шіркеудің рөлін және қазіргі әлемдегі миссиясының дамуын қарастыру.
Городская средаКазахский язык в городской среде | Новые публикации на сайте |