"Қазақ қазақпен  қазақша сөйлессін". Н.Ә.Назарбаев

 

Қолан Аманов. Тың тақырып

Зейнеткерлікке тақаған сайын жұбайым Зейнегүл мазамды ала бастады.

- Қызметің жақсы еді. Зейнетақың мына қымбатшылықта неге жетеді дейсің. Осы бастан қол боста айналысатын қосалқы кәсіпті неге дайындай бермейсің? – дейді дағы, баяғы.

- Е, у ішсең – руыңмен. Көппен көреміз, не де болса. Алпысқа дейін байымағанда, сексенімде Қарынбай бола қалады деп отырсың ба? – деп тиып тастағаныммен, ішімнен ойланып қалдым. Шынында да, кәрілігіңді қамсыз ететіндей бір тіршілік жасасаң оның несі айып?

Сарылып ойлап, сараптап тоқтағаным – не де болса зейнеткерлікке дейін диссертация қорғау болды. Емен де, Семен де қорғап жатқан заман. Тіпті анау Күшікбайдың қатынына дейін биттің сары ауруға сауап екенін дәлелдеп доктор атанып жатқанда, еркек басыммен мені не қара басты. Ол бітірген мединститутты мен де бітіргем!

Ниетті бекемдеп алған соң тақырып іздеуге тура келді. Қарастырып көрсем – зерттелмеген сала қалмапты. Маған дейінгі ғұламалар түк қалдырмастан сипап кеткен екен, атасына нәлет!

Түнеукүні «Аргументы и факты» деген газетті қарап отырсам, секс мәселесіне адам иісінің әсері жайында мақала жазыпты. Әлдебір маманның айтуынша, секстін сексен проценті иіске бағынады екен. Әп, бәрекелді! Осы сөздің жаны бар ма деп қалдым. Өйткені өз әйелімнен бастап басқа да сөзім өтетіндерге: «Жаздыкүні иіссу сеппеңдер, өздеріңнің табиғи иістеріңді жойып жібереді. Ал қалың киімнен өз иістерің шыға алмайтын болғандықтан иісмайды қыста пайдаланған дүрыс болады», - деп ақыл беруші едім. Сонда қалай дәл тапқаным десеңші!

Осы мәселені тақырып етіп таңдаған соң дос-жаранмен ақылдасып көрсем, «Ау, Кәке, мынауыңыз кішкене нелеу екен, басқа мәселе тапсаңшы», - деп таумды шағып, талабымды қайтарып тастады.

Бірақ мен өзі алған бетімнен қайтпайтын адаммын. Талай ізденіп, ақыры «Есек сүтінің адам ағзасына әсері» деген тақырыпқа тоқтап отырмын.

Бұған себеп болған – әлгі ақыл айтқыш достарымның өзі. Солардың қай-қайсысы болмасын, ішінде ет жақыннан өз әйелім бар, бәрі жабылып маған ақыл айтады. Ақылдарын тыңдап алып, өз бетімше бірнәрсе жасайын десем, «мұның теріс» деп тағы да ақылгөйсіп шыға келді. Көріп тұрсыз, шетінен ақылды. «Менің ақылым кем еді» деп біреуі айтпайды. Соған қарағанда ақылдың көптігі де аурудың бір түрі екендігіне күмән болмаса керек. Олай болса бұл ауруды емдеу қажет болады. Емдеудің жалғыз дауасы – есектің сүті. Неге десеңіз, ежелгі заманнан есек атаулы ақымақ саналып келе жатқан жоқ па!

Жаңағы көп ақыл иелеріне есектің сүтінен қымыз ашытып берсем, ақылдарын шақтап, керекті мөлшерге кері айдап түсіріп отыруы ғажап емес. Тек осыны ғылым жөнінде дәлелдеуім керек, білдіңіз бе. Ол үшін ежелгі Палестина мен Мысырдың папирус қолжазбаларынан тартып, көне Тибет дәрігерлерінің көмбесін ақтаруым керек. Қазақта: «Есектің еті арам, күші адал» - дегеннен басқа ештеңе таппаған соң, тереңге бойлағым келіп отыр. Алла медет беріп осы тақырыпты қорғап шықсам, дүние жүзіне атым жайылары сөзсіз. Неге десеңіз, ақылы асып-төгіліп жатқан кейбір саясатшылардың әрекетінен қаншама қиындық туындап жатқаны бәріңізге аян. Әттең, тек...

Айтпақшы, ауылдағы ағайынымның есегінен әзер дегенде сауып әкелген жүз грамм сүтімді лабораторияға апаруым керек екен ғой.

Қалған әңгімемді содан соң аяқтармын, әзірше қош бола тұрыңыздар. Атағым «дүр» ете түскенде бір-ақ көресіздер, не де болса!

КОЛАН АМАНОВ

Неисследованная тема 

С приближением выхода на пенсию моя жена Зейнегуль стала меня теребить:

-  У тебя была хорошая работа. Думаешь, при такой дороговизне твоей пенсии на что-нибудь хватит?  Уже сейчас тебе нужно присмотреть дополнительную работу, которой ты мог бы заниматься в свободное время, - приговаривала она.

- Да  будем жить, как и все. Что бы ни случилось. Если уж я не разбогател до шестидесяти лет, думаешь,  неожиданно обрету богатства? – отрезал я, но задумался.

Действительно, не преступление  заняться чем-нибудь, чтобы обезопасить свою старость.  

По размышлении я остановился на том, что необходимо до выхода на пенсию защитить диссертацию. Сейчас время, когда все подряд защищаются: и Емен, и Семен.  Если уж жена Кушикбая стала доктором, доказав, что блохи являются причиной коровьей желтухи, то мне уж, как мужчине, и вовсе к лицу  сделать нечто подобное.  Я ведь  закончил тот же медицинский институт, что и она!

Укрепившись  в своем намерении, пришлось начать искать тему. Оказалось, что неисследованных  тем практически не осталось. Черт возьми, эти ученые все подчистую уже разобрали и разработали.

На днях, просматривая  газету  «Аргументы и факты», я увидел статью, в которой писали о влиянии запаха человека на сексуальную активность. По словам некого ученого, восемьдесят процентов секса зависит от запаха. Это то, что надо! «Может, и вправду так», -  подумалось мне. Я ведь своей жене и тем, кто прислушивался к моим словам, всегда советовал: «Не пользуйтесь  духами в летнее время, они уничтожают ваш природный аромат. Душистые кремы следует использовать лишь в зимнее время, когда ваш запах не может пробиться через плотную одежду». Значит, я был прав!

Когда я рассказал своим друзьям о выбранной теме, они остудили меня: «Ой, Коке, найдите другую тему. Эта какая-то не такая».

Но я человек, который не отказывается от своих намерений. Я долго искал и, наконец, остановился на теме «Влияние ослиного молока на организм человека».

Причиной тому – советы тех самых моих друзей. Кто бы ни был из них, включая дражайшую мою жену, - все они учат меня уму-разуму.  Выслушаешь их, сделаешь по-своему, так они обижаются, что де я сделал что-то не так. Видите ли, они все подряд умницы. Никто из них не скажет: «Мне не хватает ума-разума». Судя по этому, не стоит сомневаться, что избыток ума тоже является болезнью. А если так, то эта болезнь  подлежит лечению. Единственное ее лекарство – это ослиное молоко.  Спросите «почему» - да разве испокон веков осел не был признан самым глупым животным!

Если этим самым людям с избытком ума я дам кумыс, приготовленный из ослиного молока, стоит ожидать, что он снизит их умственную активность до необходимых значений. Но, знаете, мне необходимо  дать тому научное обоснование. Для этого нужно привлечь рукописные папирусы Палестины и Египта, изучить хранилища древних тибетских врачевателей. Поскольку у казахов говорят лишь: «У осла нет ничего полезного, кроме его способности трудиться», - то приходится углубляться и искать другие источники.  Если Бог поможет мне защитить эту тему, то, безусловно, имя мое станет знаменитым в мире.  Спросите «почему»  -  да потому что всем известно, к каким печальным последствиям приводят действия некоторых политиков, обладающих избыточным количеством ума. Эх, да что там …

Кстати, мне же сейчас нужно отнести в лабораторию 100 грамм ослиного молока, который мой родственник из аула сразу же надоил и  доставил мне.

Продолжу потом, а пока до свидания. Как бы то ни было, сами увидите, когда  имя мое прогремит! 

 

Городская среда

Новые публикации на сайте

Сайт Зиры Наурзбаевой Отукен

Институт языкознания

Статистика посещений

1993220
Сегодня
Вся статистика
223
1993220

Счетчик joomla
| Joomla